Алматыдағы субұрқақ

Қазақстан өңірлерінде жел тұрып, аптап ыстық болады деп күтіледі

110
(Жаңартылды 09:07 31.07.2017)
Өңірлерде жаңбыр күтіледі, найзағай болады, желдің күшеюі, бұршақ, дауыл болуы мүмкін, республиканың оңтүстік-батысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады

АСТАНА, 31 шілде – Sputnik. Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның  басым аймақтарында тұрақсыз ауа райы сақталады, деп хабарлайды Қазгидромет метеоқызметі.

Ақмола, Атырау, Батыс-Қазақстан, Ақтөбе, Павлодар, Шығыс-Қазақстан күндіз Қарағанды, түнде Солтүстік  Қазақстан облыстарының кей жерлерінде найзағай, бұршақ, дауыл болуы мүмкін, жел жел 15-20 м/с күшеюі күтіледі.

Оңтүстік-Қазақстан, Қызылорда, күндіз Жамбыл облыстарында желдің күшеюі 15-20 м/с күтіледі.

Күндіз Алматы, Жамбыл, Оңтүстік-Қазақстан, Атырау, Қостанай, кей жерлерде Кызылорда, Маңғыстау, Батыс-Қазақстан, Қарағанды облыстарында қатты ыстық күтіледі, Ақтөбе облысында қатты ыстық кей жерлерде өте қатты ыстық ауа райы күтіледі.

Атырау, Қызылорда, Оңтүстік-Қазақстан, Жамбыл, Алматы, кей жерлерде Батыс-Қазақстан,  Ақтөбе, Қарағанды облыстарында өте жоғары өрт қаупі сақталады.


110