Туған қызын зорлаған Қостанай тұрғыны сотталды

Туған қызын зорлаған Қостанай облысының тұрғыны сотталды

1564
(Жаңартылды 15:36 21.08.2017)
Жасөспірім қызын екі жыл бойы зорлап келген азғынға қатысты сот үкімі шықты

АСТАНА, 18 тамыз – Sputnik. Туған қызын зорлаған Қостанай облысының 38 жастағы тұрғынына қатысты сот үкімі шықты. 

Сот ер адамды кінәлі деп танып, 15 жылға бас бостандығынан айыру жазасын кесті. Ол өмір бойы педагогикалық және кәмелеттік жасқа толмағандармен жұмысқа байланысты қызметтерді атқара алмайды.  

Педофил жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі өте жоғары мекемесінде өтейтін болады. 

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Еске сала кетейік, Қостанай облысының 38 жастағы тұрғыны екі жыл бойы өзінің 2001 жылы туған қызын зорлап келген. 

 

 

1564
Загрузка...