Өңірлер

Астанада екі КамАЗ қауын мен қарбыз тегін таратылады

© Sputnik / Анатолий УстиненкоҚарбыз фестивалі
Қарбыз фестивалі - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Оңтүстік Қазақстан облысы елорда қонақтары мен тұрғындары үшін жақсы бағдарлама әзірледі

АСТАНА, 28 тамыз — Sputnik. Астанадағы Оңтүстік Қазақстан облысы күні 40 тонна қауын мен қарыз таратудан басталады. 

"Нұрсая" ТК маңындағы жәрмеңкеде 29 тамыз сағат 13.00-де біз ОҚО-нің дәмді жемістерін тегін таратын боламыз. Бір қолға не қауын, не қарбыз алады. Біз 40 тонна әкелдік. Ол екі КамАЗ көбіне жетеді", — деді Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің баспасөз хатшысы Бейсенбай Тәжібаев. 

Бұдан бөлек, 1 қыркүйекте қонақжай оңтүстік 5 мың порция палау әзірлейді. Оны Құрбан айттың бірінші күніне орай этноауыл қонақтарына тегін таратады. Этноауыл "Қазанат" ипподромының аумағында орналасқан. 

Астанадағы Оңтүстік Қазақстан облысы күні 29 тамыз және 3 қыркүйек аралығында өтеді. 


Жаңалықтар
0