аптап ыстық

Қазақстанда тамыздың соңғы күндері ыстық болмақ

18
(Жаңартылды 11:03 29.08.2017)
Республикамызда өткен тәуліктерде ауа температурасы климаттық нормадан 2,7 градус жоғары болды

АСТАНА, 29 тамыз – Sputnik. Алдағы күндері батыс, солтүстік, орталық және шығыс облыстардың  кей  аудандарында  өткінші жаңбыр жауып, күн күркірейді, бірақ ең жоғары ауа температурасы 28…37 градус болады, деп хабарлайды Қазгидромет метеоқызметі.  

Республиканың оңтүстік-батыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыс облыстарында Батыс Азиядан өте ыстық ауа келеді, сондықтан осында өте ыстық болып, күндізгі ауа температурасы 32…41 градус жылыға дейін көтеріледі. Сондықтан Қазақстанның бүкіл аумағында  ауа температурасы нормадан 2-8 градус жоғары болып сақталады.


18