АСТАНА, 29 тамыз – Sputnik. Оңтүстік Қазақстан облысының билігі Астанадағы Оңтүстік Қазақстан облысы күндері аясында 29 тамызда тегін бақша өнімдері таратылады деген ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің медиаорталығы.
Бұдан бұрын Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің баспасөз хатшысы Бейсенбай Тәжібаев
"Нұрсая" ТК маңындағы жәрмеңкеде 29 тамызда бір қолға не қауын, не қарбыз тегін алуға болады деп хабарлаған. Жалпы оның сөзіне қарағанда, екі КамАЗ бақша өнімдерін алып келеді екен.
Астанадағы Оңтүстік Қазақстан облысы күні 29 тамыз және 3 қыркүйек аралығында өтеді.