Ұлттық ұлан

Таразда ұландықтар тұрғындарды өрттен құтқарып қалды

25
(Жаңартылды 15:31 29.08.2017)
Төрт сарбаз өрт сөндірушілерді күтпей, өздері тұрғындарды қауіпсіз жерге шығарды

АСТАНА, 29 тамыз – Sputnik. Таразда Ұлттық ұлан жауынгерлері тұрғындарды өрттен құтқарып қалды, деп хабарлайды ҚР Ұлттық ұлан баспасөз қызметі.

27 тамыз күні Тараз қаласының көшелеріне қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қызметке шыққан ҚР Ұлттық ұланы 5513 әскери бөлімінің жауынгерлері тұрғын үйлердің бірінен шыққан өртті байқайды.

Оқиға кешкі сағат 17.30-да орын алған. Өрт пәтердің үшінші қабатынан шыққан екен. Жалынды топ бастығы сержант Мырзаев пен қатардағы Қойбағаров, Кевлинджанов, Сейдалиевтер бірінші байқап, "101" кезекші нөміріне баяндаған.

Уақытты өткізбей, дереу қимылдаған жауынгерлер өрт сөндірушілерді күтпестен, тұрғындарға көмектесуге шешім қабылдайды. Сонымен ұландықтар тәукелге бел буып, алдымен тұрғын үйді қоршауға алады. Кейін үйдің ішіне кіріп, адамдарды өз күшімен шығара бастайды.

Өрт сөндірушілер келісімен тілсіз жау ауыздықталды. 

"Ұландық жауынгерлер қарапайымдылық танытып, өз істерін ерлікке баламайды. Сонда да, ерліктің аты — ерлік. Уақытылы көмектің арқасында тұрғындар өрттен аман қалды", — дейді баспасөз қызметі.

Ұлттық ұлан сарбаздары тұрғындарды өрттен құтқарып қалды
© Foto: ҚР Ұлттық ұланы
Ұлттық ұлан сарбаздары тұрғындарды өрттен құтқарып қалды
25