Өңірлер

Қыркүйек айына арналған ауа райы болжамы

© Sputnik / Анатолий УстиненкоКүз
Күз - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Тамыз айы қыркүйек айына жылы ауа райы эстафетасын береді, бірақ еліміздің батысында және оңтүстік-шығысында ауа-райы жаңбырлы болады.

АСТАНА, 1 қыркүйек — Sputnik. Алдын ала болжамға сәйкес, келесі аптада суық ауа массасының келуімен Қазақстанның барлық аумақтарында найзағай күркіреп, жаңбыр жауып  ауа температурасының бірте-бірте төмендеуі күтілуде, деп хабарлайды Қазгидромет.

4-7 қыркүйек аралығында батыста түнде 12…20 градус жылы, күндіз 20…28 градусқа дейін жылы.

6-8 қыркүйек аралығында еліміздің солтүстігі мен орталығында, 8-10 қыркүйекте шығысында түнде 7…15 градус жылы, ал күндіз 17…25 градусқа дейін жылы.

6-8 қыркүйек аралығында оңтүстікте түнде 12…20 градус жылы, күндіз 22…30 градусқа дейін жылы.

8-10 қыркүйек аралығында оңтүстік-шығыста түнде 10…18 градус жылы, ал күндіз 20…28 градусқа дейін жылы.

Одан кейін, Орталық Азия аймақтарынан жылы ауа массасының келуімен ауа температурасы қайтадан бірте-бірте жоғарылайды:еліміздің солтүстік жартысында күндіз 22…30 градусқа дейін жылы; оңтүстік жартысында күндіз 27…35 градусқа дейін жылы.

Алдын ала болжам бойынша,  қарқынды салқын толқыдары айдың үшінші онкүндігінде күтілуде, еліміздің солтүстігінде және шығысында жаңбыр жауып арты сулы қарға айналуы мүмкін. Ауа температурасы төмендейді:солтүстік жартысында түнде 3 аяз… 5 жылы, күндіз 7…15 жылы; оңтүстік жартысында түнде 2…10 жылы, күндіз 17-22 жылы.

Жаңалықтар
0