Алкоголь

Алматыда жасанды ішімдік шығаратын цех табылды

17
(Жаңартылды 12:51 05.09.2017)
Заңсыз өндіріс Алатау ауданындағы тұрғын үйдің ауласында болған

АСТАНА, 5 қыркүйек — Sputnik. Алматыда жедел шаралар барысында жасанды арақ-шарап шығаратын цех табылды, деп хабарлайды Алматы мемлекеттік кірістер департаменті.

А. есімді азамат Алатау ауданы жеке тұрғын үй ауласында жасанды есептік-бақылау маркаларын пайдаланып, спирт пен суды араластыру арқылы ішімдік жасап шығарған.

Тінту барысында 1350  бөтелке ішімдік табылыпты.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.

17
Загрузка...