Мәнті

Оралда әйел өзі пісірген мәнтіден уланып, қаза тапқан

282
(Жаңартылды 14:39 11.09.2017)
Әйел адам екі күн бұрын пісіріп кеткен мәнтіні жеп, уланған

АСТАНА, 7 қыркүйек — Sputnik. Орал тұрғыны уланған мәнті үйде пісірілген, деп хабарлайды Батыс Қазақстан облысы ішкі істер департаменті баспасөз қызметі.

Полиция мәліметінше, әйел адам үйінде мәнті жасап, сол күні балаларымен ауылға кетіп қалады. Екі күннен соң үйіне оралғанда, дайын мәнтіні ысытып, кешкі асқа жемекші болады. Үлкен қызы мәнті бұзылып кеткен деп, жемей қойған екен. Соған қарамастан әйел адам мен он төрт және он бес жастағы екі ұлы бірнеше мәнті жейді.

Келесі күні бәрі ауырып қалады. Сағат он кезінде әйел адамның хәлі одан сайын нашарлап, үлкен қызы жедел жәрдем шақырады, алайда анасы дәрігерлер келгенше көз жұмған. Үш баланы да дәрігерлер инфекциялық аурухананың жансақтау бөліміне алып кетеді. 

Қалған мәнті сараптама жасауға алынып, нәтижесінде әйелдің өлімі мен балалардың улану себебі белгілі болады.

282
Тұрғындар, жаз

Аптап ыстық болады - бейсенбіге арналған ауа райы болжамы

83
(Жаңартылды 23:33 27.05.2020)
Синоптиктер бейсенбі, 28 мамыр күні Қазақстанның алты өңірінде аптап ыстық болып, жел күшейетінін хабарлады

НҰР-СҰЛТАН, 27 мамыр - Sputnik. Қазгидромет синоптиктері бейсенбі күні ауа райы қандай болатынын айтты.

Елдің басым бөлігінде жауын-шашын болмайды. Солтүстік, солтүстік-батыста циклон әсерінен дауыл болып, жауын, бұршақ жаууы мүмкін.

Кей жерлерде жел күшейіп, оңтүстік, оңтүстік-шығыста - шаңды дауыл, солтүстікте - тұман.

Дабылды ескерту

28 мамырда Қызылорда облысында аптап ыстық болады, плюс 41 градус, желдің жылдамдығы - 15-20 м/с, шаңды дауыл.

Алдағы екі күнде Солтүстік Қазақстан облысында тұман болып, күн күркірейді. 29 мамырда күндіз бұршақ жауады, желдің жылдамдығы - 15-20 м/с.

Түркістан облысында шаңды дауыл болады, желдің жылдамдығы - 15-20 м/с. Күндіз сынап бағанасы 40 градусқа дейін көтеріледі.

Өңірлердегі ауа райы

Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай облысында желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетеді.

Түркістан, Қызылорда, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау облысында аптап ыстық болады.

Павлодар, Шығыс Қазақстан, Қызылорда облысында өрт қаупі жоғары болады. 

Ірі қалалардағы ауа райы

Елордада түнде плюс 8-10 градус, күндіз 24-26 градус жылы.

Алматыда түнде 17-19 градус жылы, күндіз сынап бағанасы 28-30 градусқа дейін көтеріледі.

Шымкентте түнде плюс 20-22 градус, күндіз 35-37 градус ыстық.

83
Кілт сөздер:
синоптиктер, ауа райы, мамыр
Түркістан қаласының қақпасы

Түркістан облысында карантин режимі ұзартылды

116
(Жаңартылды 18:26 27.05.2020)
Карантин талаптарын сақтамағандарға айыппұл салынып, ал заңға бағынбаған кәсіпкерлерге жаза қолданылады

НҰР-СҰЛТАН, 27 мамыр – Sputnik. Түркістан облысында қалыптасқан эпидемиологиялық ахуалға байланысты карантин режимі 8 маусымға дейін ұзартылды. Бұл туралы аймақ басшысы Өмірзақ Шөкеев онлайн брифингте айтты деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Осыған орай өңірде бірқатар шектеулер сақталады.

"Ауа арқылы тез тарайтын бұл дерттің әзірге нақты вакцинасы жоқ. Өкінішке қарай, COVID-19 инфекциясының барына күмән келтіретін адамдар көшеде қыдырып, туған-туысының үйіне барып жүр. Балалар да аулада бірге ойнап, бір-бірімен тығыз байланыс жасауда. Бұл дұрыс емес", – деген облыс әкімі дәрігерлер қауымының күн-түн демей вирусты жеңу жолында талмай еңбек етіп жатқанын атап өтті.

Қазіргі кезде індет облыс көлемінде, әр ауданда кеңінен тарап жатыр.

"Отбасымыздың, туған-туыстың, ата-анамыздың амандығын ойласақ әлі де карантин режимін сақтауымыз қажет. Карантин талаптарын сақтамағандарға айыппұл салынады. Құқық қорғау органдарына арнайы жиналыс жасап, тапсырдым. Заңға бағынбаған кәсіпкерлерге жаза қолдану керек", – деді Шөкеев онлайн брифинг барысында.

Айта кетейік, облыста 337 адамның коронавирус инфекциясын жұқтырғаны расталды. Оның ішінде 189 адам ауруынан айығып, үйлеріне оралды. Бір адам індет салдарынан көз жұмды.

Түркістан облысындағы карантин режимі

12 мамыр күні Түркістан облысында карантин режимі 25 мамырға дейін ұзартылғанын облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов мәлімдеді.

Осыған орай, қоғамдық және демалыс орындары, саябақтар жұмысын бастағанымен, спорттық, мәдени іс-шаралар өткізілмейді. Азық-түлік базарларының жұмысы таңғы сағат 10.00 мен кешкі 17.00 арасында жалғасса, киім-кешек, өзге де заттар сататын дүкендер дезинфекция жұмыстарын күшейтілген режимде жүргізе отырып, таңғы 9.00-20.00 аралығында істейді.

Мемлекеттік мекеме қызметкерлерінің 50 проценті жұмысты қашықтықтан жалғастырады.

Оқи отырыңыз: Тоқаев карантин жайлы: халық біртіндеп үйінен шығуы керек

Халыққа қызмет көрсету қызметі орталығы мен екінші деңгейлі банктер, "Қазпошта" бөлімшелері қазіргі таңда жұмысын бастады. Демалыс орындары, қонақ үйлер, туристік нысандарға санитарлық талаптарды сақтаған жағдайда жұмысын жүргізуге рұқсат етіледі.

116
Кілт сөздер:
Өмірзақ Шөкеев, төтенше жағдай, карантин, Түркістан облысы
Тақырып:
Төтенше жағдай және карантин
Тақырып бойынша
Тоқаев карантин кезінде қандай кітаптар оқып жатқанын айтты
Тоқаев елдегі карантин талаптары қалай жеңілдетілетінін айтты
Түркістан облысында карантин мерзімі ұзартылды
Тоқаев: Карантин шараларының жаңа тәсілдері енгізіледі  
Тоқаев: Карантин өңірлерде біртіндеп алынады