Столовая

Балалардың қарны аш: Оңтүстік Қазақстанда балабақшада шу шықты

199
(Жаңартылды 14:24 12.09.2017)
Ата-аналардың балаларға беретін тамаққа көңілі толмайды, ал балабақша қызметкерлері мекеме басшылығына наразы

АСТАНА, 12 қыркүйек — Sputnik. Оңтүстік Қазақстанда Түлкібас станциясында ата-аналар балабақшада балаларға дұрыс тамақ берілмейтінін айтып шағымданды, деп хабарлайды жергілікті "Отырар" басылымы.

Наразы ата-аналардың сөзіне сүйенсек, мемлекеттік балабақшада балаларға нан да жетпей қалады, ал май мен ет өте сирек беріледі; балалар негізінен ботқа мен сорпа ішеді.

Ал мектепалды білім беру мекемесінің ас мәзірінде түрлі тағамдар көрсетілген, оның ішінде тоқаштар мен жеміс-жидектер де бар.

"Қызым үйге қарны аш қайтады. Есіктен кіре тамақ сұрайды. Басқа ата-аналармен сөйлесіп едім, олар да балаларының аш екенін айтып шағымданды", — деді қыздардың бірінің анасы.

Балалар бақшасының қызметкері азық-түліктің жетіспеушілігін жоққа шығармайды, алайда мекеме басшысы бұл мәселені шешуден бас тартып отыр.

Мекеме басшысы қызметкерлерінің де кемшіліктерін айыптап, бірақ оларды тауып, жоюға тырысатынын айтты.

Басылым анықтағандай, осындай жанжал ұжымда бұдан бұрын да шыққан екен, бірақ әкімдік арадағы кикілжіңді басып, татуластырыпты. Бұл жолы да шағымдарды қарастырып, шара қолдануға уәде берді.

199
Загрузка...