Өңірлер

Қызылордада отшашу салынған қорапты бомбаға теңеді

© AP Photo / Paul SakumaОтшашу қорабы
Отшашу қорабы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қызылордада тұрғын үйдің кіреберісінде қалдырылған иесіз қорап тұрғындардың үрейін тудырды

АСТАНА, 12 қыркүйек — Sputnik. Қызылордағы көп қабатты үйдің тұрғыны үйдің кіреберісінде отшашу салынған қорапты қалдырып кетеді, ал көршілері оны жарылғыш затқа теңеген, дейді Sputnik Казахстан тілшілеріне берген хабарламасында Қызылорда облысы ІІД баспасөз қызметі. 

Жарылғышқа ұқсас зат Желтоқсан көшесінде орналасқан үйлердің бірінен табылды. Оқиға орнына полицияның кешенді күші келіп, үйдің тұрғындары эвакуацияланды. 

Оқиға орнын тексеру барысында ішінде отшашу салынған қорап табылады. 

Күдікті қорапты кіреберісте қалдырған әйелге қатысты әкімшілік хаттама толтырылды. 

Полиция тұрғындар арасында ешқандай негізсіз үрей тудырмауға шақырды.

Жаңалықтар
0