Павлодар

Павлодар облысында бірнеше көшенің атауы өзгеруі мүмкін

66
(Жаңартылды 11:36 03.10.2017)
Павлодар облысында бірнеше көшенің атауын өзгерту шешіліп жатыр

АСТАНА, 2 қазан — Sputnik.  Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов өңірде көше атауларын өзгерту бойынша қандай жұмыс жүргізіліп жатқанын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Астанада орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында БАҚ өкілдері облыс әкімінен "Рухани жаңғыру аясында кеңестік кезеңнен қалған Ленин, Октябрь, Ворошилов сияқты көше аттарын ауыстыру жоспарда бар ма?" деп сұрады. 

"Өткен жылы есеп бергенде Евгений Азаров деген азамат осындай ұсыныс енгізді. Октябрь революциясына жүз жыл болады, Ленин көшесін өзгертетін кез келген шығар. Осы жылы бұл жұмысқа кірісеміз. Басқа көшелерді біртіндеп өзгертіп, осы мәселені қолға алатын боламыз", — деді облыс басшысы. 

Сонымен қатар Бақауов Кутузов көшесіне қатысты да пікір білдірді. 

"Кутузов көшесі бойынша айтар болсам, биылғы жылы көшені жөндеуге бір миллиард теңгеден астам қаражат бөлінді. Өткен жылы көшенің атауын өзгерту бойынша ұсыныс айтылды, қазір осы мәселені қарастырып жатырмыз", — деді ол.

66
Загрузка...