Өңірлер

Петропавлда су тасқынынан кейін қираған көпір қалпына келтірілді

© Sputnik / Елена БережнаяПетропавлдағы көпір
Петропавлдағы көпір - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жақын күндері көпір үстіндегі жарықтарды толығымен іске қосу жоспарланып отыр

АСТАНА, 6 қазан — Sputnik. Петропавлда қаладан шығар жолда орналасқан көпір қалпына келтірілді. Көпір көктемгі су тасқыны кезінде қираған болатын.  

Есіл өзені арқылы өтетін көпір жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты 4 тамыздан бері жабық болған. 345 метрге созылған төрт бағытты темір көпір 1961 жылы салынған. Соңғы рет жөндеу жұмыстары 2004 жылы жүргізілген. Бұл көпір арқылы күніне 12 мыңнан астам жеңіл және жүк көліктері, сонымен қатар бірнеше бағыттағы автобустар қатынайды.


Жаңалықтар
0