Өңірлер

Бейсенбі күні Қазақстанда қатты жел соғып, жаңбыр жауады

© AFP 2024 / Sam YehҚатты жел
Қатты жел - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Еліміздің оңтүстік және оңтүстік-шығысында қатты жауын жауады

АСТАНА, 19 қазан — Sputnik. Қазақстан территориясының көп бөлігінде атиосфералық фронттың өтуіне байланысты жаңбыр жауады, оңтүстік-шығыс және оңтүстік өңірлердің кей жерлерінде қатты жаңбыр жауады. Республиканың кей жерлерінде қатты жел соғып, тұман түседі.

Жамбыл облысның кей жерлерінде жел күшейіп 15-20 м/с болады, желдің ұйытқуы 23-28, ал оңтүстік шығыста 30 м/с дейін жетеді. Павлодар облысында желдің ұйытқып соққан жылдамдығы 15-20, күндіз 25 м/с дейін жетеді. Қостанай облысында желдің ұйытқып соққан жылдамдығы 15-20, күндіз кей жерлерде 23 м/с дейін жетеді, де кей жерлерде тұман түседі. Шығыс Қазақстан желдің жылдамдығы 15-20, желдің ұйытқуы 25 м/с дейін жетеді. Қарағанды облысының кей жерлерінде түнде, күндіз көп бөлігінде желдің жылдамдығы 15-20, кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады. Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түсіп,  желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін жетеді. Батыс Қазақстан облысында күндіз желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін жетіп, кей жерлерде тұман түседі. 



Жаңалықтар
0