Өңірлер

Ноғаев Атырау облысында бензинге қатысты ахуал қандай екенін айтты

© Sputnik / Алексей Сазонов / Медиабанкке өтужанармай бекеті
жанармай бекеті - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Атырау облысы әкімінің айтуынша, өңірде жанармай тапшылығы жоқ

АСТАНА, 20 қазан — Sputnik. Атырау облысында қазіргі уақытта жанармай тапшылығы жоқ, деп мәлім етті облыс басшысы Нұрлан Ноғаев. 

Бақытжан Жақсалиев - Sputnik Қазақстан
Экономика
Жақсалиев: бензин бағасы 165 теңге деңгейінде болады

"Бүгінгі күні Атырау мұнай өңдеу зауыты штаттық режимде жұмыс істеп жатыр. Зауыт басшылығының мәліметі бойынша күніне 2,4 мың тонна АИ-92 бензині өндіріледі. Бүгінде бензин жетіспеушілігі жоқ", — деді Ноғаев баспасөз мәслихатында. 

Әкім Атырау мұнай өңдеу зауытынан бөлек өңірге бензинді басқа да кәсіпорындар жеткізетінін айтты. Барлығы облыста 103 жанармай бекеті бар. 

Ноғаевтың сөзіне қарағанда, Атырау облысында қазіргі уақытта АИ-92 бензинінің құны 151-158 теңге аралығында екен.

Жаңалықтар
0