Полицей формасы

Степногорда адам азаптаған екі полицей сотталды

81
(Жаңартылды 13:37 30.10.2017)
Ұсталған адамды қинаған полицияның екі қызметкері бас бостандығынан айырылды

АСТАНА, 28 қазан – Sputnik. Степногорда учаскелік полицейдің көмекшісі мен жедел уәкіл ұсталған адамды азаптағаны үшін кінәлі деп танылды, деп хабарлады Sputnik Қазақстанға облыстық прокуратураның баспасөз қызметі. 

Күдіктілер 2017 жылы 9 ақпанда Бестөбедегі полиция бөлімшесінде О. есімді азаматты азаптап, күшпен есірткіні заңсыз сақтағанын мойындатпақ болады. 

Степногор қалалық сотының шешімімен екі полицей төрт жылға сотталды. Үкім заңды күшіне енді. 

 

 

81
Загрузка...