жылу трассасындағы апат, архив суреті

Павлодарда 20-дан астам көпқабатты үй жылусыз қалды

24
(Жаңартылды 22:01 28.10.2017)
Сондай-ақ құбыр жарылған ауданда екі мектеп пен облыстық әкімдік орын тепкен

АСТАНА, 28 қазан — Sputnik. Павлодарда 20-дан астам көпқабатты тұрғын үй жылусыз қалды, деп хабарлады Sputnik Қазақстанға қала әкімінің баспасөз хатшысы Салтанат Әкімбекова. 

Оның хабарлауынша, кеше күндіз Кривенко көшесінде жылу құбыры жарылып, Сәтпаев, Қайырбаев, Бектұров және Естай көшелеріндегі 23 үй жылусыз қалды. Сондай-ақ төтенше жағдай болған ауданда екі мектеп, облыстық әкімдік, басқа да әкімшілік ғимараттар орналасқан. Кеше күні бойы апат болған жерде "Жылу желілері" кәсіпорнының бірнеше бригадасы тынымсыз жұмыс істеді. 

Түн жарымда апаттың зардабы тоқтатылды. Кәсіпорын қызметкерлерінің айтуынша, бұл жылу құбырының тартылғанына 40 жылдан асыпты. 

"Апат орнында жұмыс істеп жатқандардың сендіруінше, бүгін сағат екіге қарай үйлерге жылу беріледі", — деді Әкімбекова. 

 

24