Шымкенттік оқушыларға латын қарпіндегі жаңа қазақ әліпбиі таныстырылды

Шымкентте латын қарпіндегі жаңа қазақ әліпбиі ерекше әдіспен таныстырылды

726
(Жаңартылды 21:34 03.11.2017)
Оқушылар "Шымкент ситидің" жолында асфальт және мольбертке сурет салу конкурсына қатысты, мұнда жас суретшілер көрмесі өтті

АСТАНА, 2 қараша — Sputnik. Шымкенттің оқушыларына латын қарпіндегі жаңа қазақ әліпбиі таныстырылды. Оқушылар "Шымкент ситидің" жолында өздеріне ұсынылған латын әріптерін бейнеледі, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан otyrar.kz-ке сілтеме жасап.

Қала ішіндегі болашақ қалашықта өткен іс-шараға 2500-ден астам оқушы жиналды. Олар асфальт және мольбертке сурет салу конкурсына қатысты, мұнда жас суретшілер туындыларының көрмесі ұсынылды. Бұған қоса аула клубтарының тәрбиеленушілері мен қаланың би ұжымдарының қатысуымен флешмоб өтті. Ұлдар мен қыздар Шымкенттің болашақтағы бейнесін өз қиылдарымен суреттеуге тырысты.

  • Шымкенттік оқушыларға латын қарпіндегі жаңа қазақ әліпбиі таныстырылды
    Шымкенттік оқушыларға латын қарпіндегі жаңа қазақ әліпбиі таныстырылды
  • Шымкенттік оқушыларға латын қарпіндегі жаңа қазақ әліпбиі таныстырылды
    Шымкенттік оқушыларға латын қарпіндегі жаңа қазақ әліпбиі таныстырылды
    © Foto : otyrar.kz
1 / 2
Шымкенттік оқушыларға латын қарпіндегі жаңа қазақ әліпбиі таныстырылды

Айта кетейік, "Шымкент сити" жобасы 2015 жылы Шымкент қалалық мәслихатының сессиясында таныстырылды. Жоба бойынша 427 гектар аумақта 70 мың тұрғынға шақталған. Мұндағы құрылыс 2016 жылы басталды. Қазір бұл ауданда коммуналды желінің, 7 жол мен 20 үйдің құрылысы аяқталып қалды. Алдағы уақытта мұнда көп қабатты 316 үй салынып, жалпы аудан 12 орамға бөлінеді деп жоспарлануда. Әлеуметтік мекемелер — мектептер, балабақшалар мен үлкен саябақ та салынады.


726