Қарудан оқ ату, архивтегі фото

Алматы облысында екі жасар бала аңшы мылтығынан жарақат алды

109
(Жаңартылды 15:01 09.11.2017)
Кішкентай бала ағасымен ойнап жүріп, оқ жарақатын алды

АСТАНА, 7 қараша — Sputnik.  Алматы облысының полициясы екі жасар баланың оқ жарақатын алу фактісін тергеп жатыр, деп хабарлайды өңірдің ІІД баспасөз қызметі.  

23 қазан күні Мыңбаев ауылындағы жеке тұрғын үйлердің бірінде екі жасар бала алты жастағы ағасымен бірге ойнап жүріп, оқ жарақатын алғаны белгілі болды.  

Полицияға ақпарат Алматы дәрігерлері хабарлағаннан кейін ғана түскен. Олардың айтуынша, бала қолын тегіс ұңғылы аңшылар мылтығынан жарақаттаған. Балалар мен олардың ата-анасы –Алматы тұрғындары, олар ауылдағы туыстарына қонаққа барған.  

Құқық қорғаушылар оқ тіркелмеген12-ші калибрлі қарудан атылғанын анықтады. Мылтық зардап шеккен баланың немере ағасы, 47 жастағы ауыл тұрғынының үйінен табылған.  

"Үй иесі қаруды ауылдың шетінен тауып алғанын айтты. Қазір оның сөзі тексеріліп жатыр. ҚР ҚК 114-бабы 3- бөлімі (Абайсызда денсаулыққа ауыр зиян келтіру) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қару тәркіленіп, қажетті сараптамалар тағайындалды", — деп хабарлады Алматы облысы ІІД баспасөз қызметі.  


109
Ермағанбет Бөлекбаев

Қарағанды қаласына жаңа әкім тағайындалды

117
(Жаңартылды 13:58 23.09.2020)
Қарағанды қаласын алты жыл басқарған Нұрлан Әубәкіров басқа жұмысқа ауысуына байланысты қызметінен босатылды

АЛМАТЫ, 23 қыркүйек – Sputnik. Қарағанды облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарған Ермағанбет Бөлекпаев Қарағанды қаласының әкімі қызметіне тағайындалды, деп хабарлады қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

Жаңа лауазым иесінің кандидатурасы қалалық мәслихат депутаттарымен келісілгеннен кейін облыс әкімі Жеңіс Қасымбек әкімді таныстырды.

"Ермағанбет Қабдолұлының жұмыс тәжірибесі мол. Ол өз жобалары мен бастамаларын лайықты жалғастыратынына сенімдімін. Мен Нұрлан Ерікбайұлына атқарған үлкен жұмысы үшін алғысымды білдіремін. Оның қалада жұмыс істеген кезеңінде көптеген жүйелі мәселелер шешілді. Олардың көпшілігін ол өзі бастап, өзі шешті", – деді Жеңіс Қасымбек.

Қарағанды облысының әкімі жаңа қала басшысына коммуналдық және қоғамдық көлік мәселелерін шешуді тапсырды.

Ал бұған дейін Қарағанды қаласының әкімі болған Нұрлан Әубәкіров басқа жұмысқа ауысуына байланысты қызметінен босатылды. Ол қаланы алты жыл басқарған.

Оқи отырыңыз: Шығыс Қазақстанда бұрынғы еден жуушы әкім болды

Айта кетейік, тамыздың басында Нұрлан Әубәкіровтің құны 5 мың доллар тұратын сағаты әлеуметтік желіде қызу талқыланған болатын. Ол бұл сағатты он жыл бұрын жақындары сыйлағанын айтты

Ермағанбет Бөлекпаевтың өмірбаяны

Ермағанбет Бөлекпаев 1975 жылы 2 қыркүйекте Қарағанды облысының Шет ауданындағы Өспен ауылында дүниеге келген.

1996 жылы Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің экономика факультетін бітірген.

Еңбек жолын 1996 жылы "Казкоммерцбанк" ААҚ Теміртау филиалында экономист қызметінен бастаған. 1997 жылдан 1998 жылға дейін Астанадағы "Бизнес-Информ" ИКО өкілдігінің директоры қызметін атқарды.

1998 жылдың қараша айында индустрия, энергетика және сауда министрлігінде экспорттық бақылау және лицензиялау департаментінің бас маманы лауазымында жұмыс істей бастады.

2002 жылы осы ведомство бастығының орынбасары болды.

2006 жылы Павлодар облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары, 2006 жылдан 2008 жылға дейін облысқа қарасты Павлодар ауданының әкімі болды.

2008 жылдан 2009 жылға дейін Павлодар облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасын басқарды.

2013 жылдан 2018 жылға дейін Нұр-Сұлтандағы "Сарыарқа", "Алматы" және "Есіл" аудандарының әкімі болды.

2018 жылы Қазақстан Республикасы президенті әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы болып тағайындалды.

2018 жылғы қарашадан бастап қазірге дейін Қарағанды облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.

117
Кілт сөздер:
экс-әкім, жаңа әкім, Қарағанды
Тақырып бойынша
Әкім қызметтен кететінін мәлімдеді – видео
Нұр-Сұлтанда үйге газ кіргізу бағасы қанша теңге болады – әкім жауабы
Қазақстанда бірнеше әкім отставкаға кетуге өтініш берді
Жезқазғанға жаңа әкім тағайындалды
Әрбір оқушыға – 40 мың теңге: әкім ақшаның неге қолға берілмейтінін түсіндірді
Теміржол

Оралда әйелді пойыз басып кетті

170
Құқық қорғау органдары аталған дерек бойынша тергеу басталғанын хабарлады. Оқиғаның мән-жайы әзірге белгісіз

НҰР-СҰЛТАН, 22 қыркүйек – Sputnik. Оралда теміржол өткелінде қайғылы оқиға болды – әйелді пойыз басып кетті. Бұл туралы "Мой Город" басылымы хабарлады.

ҚТЖ пойызы
© Sputnik / Серикжан Ковланбаев
Оқиға Желаев тасжолы аумағында түскі уақытта болған. Батыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы жедел жәрдем диспетчеріне қоңырау 22 қыркүйек  күні сағат 13.15-те түскенін хабарлады.

Оқиға орнына келген жедел жәрдем дәрігерлері белгісіз әйелдің мәйітін тауып алған.  

Олар марқұмның жасы шамамен 50-де болғанын айтады. Дәрігерлер зардап шегушінің аяқ-қолы кесіліп қалғанын жеткізді.

Оқиғаға көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі де түсініктеме берді. Олар қылмыстық заңнамаға сәйкес пойыз қағу дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады.

Қалған ақпарат Қазақстан Қылмыстық-процессуалдық кодексінің 201-бабына сәйкес жария етілмейді.

170
Кілт сөздер:
Орал, пойыз
Тақырып бойынша
Жамбыл облысында екі адамды пойыз басып кетті
Қарағандыда оқушы қыз жұмбақ жағдайда қаза болды
Көкшетауда теміржолды кесіп өтпек болған ер адамды пойыз басып кетті
Теміржолда тұрған 59 адамды пойыз басып өлтірді
"Әйелім қалып қойды": жүріп кеткен пойызды тоқтатқан астаналық айыппұл төледі
Ауа райы

Қазақстанда үсік жүреді: алдағы үш күнге ауа райы болжамы шықты

0
(Жаңартылды 15:05 23.09.2020)
Апта соңына қарай елдің басым бөлігінде жауын-шашын біртіндеп тоқтағанымен, республиканың кей өңірлерінде үсік жүреді

НҰР-СҰЛТАН, 23 қыркүйек - Sputnik. Синоптиктер алдағы үш тәулікте Қазақстанда ауа-райының күрт өзгеретінін болжады. Елдің оңтүстік-шығысында қатты жаңбырдың соңы үсікке ұласады.

"Аптаның ортасынан бастап Атлантикалық циклон Қазақстанның солтүстігі мен шығысына әсер етуін жалғастырады. Сондай-ақ, күзгі салқын ауа-райы қалыптасып, жауын-шашын мен жел күшейеді. Ал апта соңына қарай елдің басым бөлігінде ауа-райы батыс антициклонмен анықталады және жаңбыр біртіндеп тоқтайды деп болжанды. Елдің оңтүстік-шығысындағы кей жерлерде үсік жүреді", – делінген Қазгидромет хабарламасында.

Құрғақ және жылы ауа-райы елдің батыс өңірінде ғана сақталады.

24 қыркүйекте мегаполистердегі ауа райы

Нұр-Сұлтанда жаңбырлы ауа-райы сақталады, күндізгі температура: +7 .. + 9 ° C, түнде: +1 .. + 3 ° C. Желдің жылдамдығы 9-14 м / с, күндіз екпіні 15-20 м / с жетеді.

Алматыда күн бұлтты болады, жаңбыр күтілмейді. Температура түнде: +8 .. + 10 ° C, күндіз: +21 .. + 23 ° C.

Шымкентте бұлтты ауа райы сақталады, жауын-шашынсыз. Түнде ауа температурасы: +8 .. + 10 ° C, күндіз: +21 .. + 23 ° C болады. Желдің жылдамдығы: 8-13 м / с.

Күзде ауа-райы қандай болады

Бұған дейін Қазгидромет қыркүйекке арналған ұзақ мерзімді болжамын жариялаған болатын.

Синоптиктердің айтуы бойынша, айдың бірінші жартысында Қазақстанның басым бөлігінде температураның төмендеуі байқалды. Ал енді айдың соңына қарай мұндай ауа райы елдің оңтүстік облыстарында қалыптасады.

Жауын-шашын мөлшері республиканың басым бөлігінде нормадан жоғары болады деп болжанды. Атап айтқанда, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Ақмола, Шығыс Қазақстан облыстарында, Қостанайдың солтүстігінде, Алматының оңтүстік-шығысында, Жамбыл, Түркістан облысының таулы аймақтарында жаңбыр жиі жауады. Ал Маңғыстау, Ақтөбе, Қызылорда облысы мен Қарағанды ​​облысының батысында нормадан аз түседі.

0
Кілт сөздер:
ауа райы болжамы, ауа райы