Өңірлер

Жамбыл облысындағы атыс: дәрігерлер зардап шеккендердің хәлі туралы айтты

© Sputnik / Варвара Гертье / Медиабанкке өтуАурухана
Аурухана - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жаралылардың екеуі орташа ауыр хәлде хирургия бөлімінде жатыр

АСТАНА, 8 қараша — Sputnik. Жамбыл облысында болған атыстан соң тоғыз адам ауруханаға түскен, олардың жетеуі медициналық көмек алғаннан кейін үйіне жіберілді, деп хабарлады Жамбыл ауданы Орталық аудандық аурухананың бас дәрігері Сәуле Сұлтанова.

Қару - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Жамбыл облысында атыс кезінде бір адам қаза тауып, жетеуі жараланды

Сұлтанованың айтуынша, 7 қарашада түнгі сағат бірден бастап оқ жарақатын алған жігіттер ауруханаға түсе бастаған. Барлығы – тоғыз адам. Олардың екеуі ауруханаға жатқызылды. Қалғандары ем қабылдап, үйлеріне қайтарылған.  

"1998 және 2000 жылғы жас жігіттер ауруханаға жатқызылған. Біріншісі сол аяғынан жарақат алып, есеңгіреп қалған. Қазір хирургия бөлімінде жатыр, жағдайы орташа ауыр хәлде, беті бері қарап қалды. Екіншісінің бас миына зақым келіп, миы шайқалған, бетінде көптеген жарақаттар бар. Ол да хирургия бөлімінде жатыр", — деп хабарлады Сұлтанова.  

Естеріңізге сала кетейік, бұдан бұрын ІІД хабарлағандай, Жамбыл облысында Аса және Құмтиын ауылының тұрғындары арасында болған атыс салдарынан 30 жастағы ер адам қаза тауып, жеті адам зардап шеккен болатын.

Жаңалықтар
0