Қостанай

Назарбаев "Нұрлы жер" аясында салынып жатқан тұрғын үйлерді аралады

169
(Жаңартылды 18:06 08.11.2017)
"Әуежай" жаңа шағын ауданында 900 орындық мектеп, сондай-ақ спорт және ойын-сауық кешені бой көтеруде

АСТАНА, 8 қараша – Sputnik. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қостанайдың "Әуежай" жаңа шағын ауданындағы тұрғын үйлердің құрылысымен танысты, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, Қазақстан Президентіне «Нұрлы жер» бағдарламасының Қостанай облысында іске асырылу барысы жөнінде баяндалды.

Шағын аудан аумағында әлеуметтік инфрақұрылым нысандары да салынуда, соның қатарында мемлекет-жекеменшік әріптестігі аясында 900 орындық жалпы білім беретін мектеп, сондай-ақ спорт және ойын-сауық кешенінің құрылысы бой көтеруде.

Жаңа шағын ауданның көлемі – 31,7 гектар. 2014-2017 жылдарда жалпы көлемі 80542 шаршы метрді құрайтын 16 үй пайдалануға берілген. Бүгінде тағы 12 үй салынып жатыр.


169
Загрузка...