полицей көлігі, архив суреті

Қызметтік көлік ішінде ұйқыны соққаны камераға түсіп қалған полицейлер жазаланды

503
(Жаңартылды 19:28 09.11.2017)
Тұрғындар қызметтік көлікте ұйықтап жатқан полицейлерді видеоға түсіріп алған

АСТАНА, 9 қараша — Sputnik. Өскеменде қызметтік көлікте ұйқыны соққан полицейлер жауапқа тартылды, деп хабарлады ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов. 

Электронды үкіметтің сайтында жазба қалдырған тұрғындардың бірі оқиғаның 9 қазанда болғанын айтады. 

"Chevrolet Cruze қызметтік көлігін мінген полиция қызметкерлері ұйықтап патруль жасауда, осылайша олардың жұмыста салғырттық танытқаны анық. Сізден заңға сәйкес қызметкерлерге қатаң жаза қолдануыңызды сұраймын", — деп жазылған. 

Қасымовтың жауабында қызметтік тәртіпті бұзған полицейлердің ШҚО ІІД жергілікті полиция қызметі бастығының бұйрығымен қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылғаны хабарланған. 

 

 

503
Загрузка...