Жаңа туған бала

Атырауда жас босанған әйел мен оның баласы қайтыс болды

1482
(Жаңартылды 19:56 10.11.2017)
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы болған жайтқа қатысты түсініктеме беруден бас тартты

АСТАНА, 10 қараша — Sputnik. Қайғылы оқиға 9 қарашаға қараған түні Атырау облыстық перинаталды орталығында болған, деп жазды "Мой ГОРОД".   

 "Қайғылы оқиға 8 қараша күні болды. Жас келіншектің өкпесі дімкәс еді", — деп хабарлады облыстық перзентхана. 

Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі аталған деректі растады, дегенмен түсініктеме беруден бас тартты.  

- Бұл дерек тіркелді, бірақ болған оқиға туралы толық ақпарат алғанға дейін облыстық денсаулық сақтау басқармасы ешқандай түсініктеме бере алмайды, — деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Аманжол Сағынғалиев.


1482
Загрузка...