Шам

Көкшетау тұрғыны жасырын камера орнатылған үстел шамын сатпақ болған

109
Тыңшы құралын сатпақ болған Көкшетау тұрғынына қатысты қылмыстық іс қозғалды

АСТАНА, 16 қараша — Sputnik. Ақмола облысы тұрғыны үстел шамына орнатылған жасырын бақылау камерасын сатпақ болған, деп хабарлады ішкі істер департаменті баспасөз қызметі Sputnik Қазақстан агенттігіне.

"Контрафакт" операциясы аясында құқық қорғау органдары интернетте мониторинг жүргізу арқылы арнайы техниканың заңсыз сатылуы туралы хабарландыруды табады. Көкшетау қаласының отыз сегіз жастағы тұрғыны үстел шамы түріндегі видеокамераны сатпақ болған. Жедел қызметкерлер арнайы құралды күдіктіден 10 мың теңгеге сатып алады.

Тәртіп сақшылары қылмыстық іс қозғады, ал ұсталған азамат құрылғыны мектепте шаруашылық меңгерушісі қызметін атқарып жүргенде тауып алдым деп ақталған.

Күдікті 2000 АЕК айыппұл салынуы, немесе сондай көлемде түзету жұмыстарын атқаруы, немесе екі жылға бас бостандығын шектеу немесе айыру жазасына кесілуі мүмкін.


109
Загрузка...