Өңірлер

Терроризмге қарсы күрес жөніндегі штаб Ақтөбе тұрғындарын сабыр сақтауға шақырады

© Sputnik / Анатолий УстиненкоАнтитеррорлық оқу-жаттығулар
Антитеррорлық оқу-жаттығулар - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ақтөбеде антитеррорлық оқу-жаттығулар жүргізіледі

АСТАНА, 17 қараша — Sputnik. Антитеррорлық оқу-жаттығулар Ақтөбе қаласы аудандарының бірінде өтеді, деп жазады "Диапазон" порталы.

Рождество - Sputnik Қазақстан
Әлем
АҚШ жаңа жылда Еуропада теракт болуы мүмкін екенін ескертті

Терроризмге қарсы күрес жөніндегі облыстық жедел штаб сайтқа хабарлағандай, оқу-жаттығулар жоспарлы түрде өткізілмек, мемлекеттік органдардың террорлық сипаттағы қауіпке дайындық деңгейін көтеруге бағытталған. 

Қала тұрғындарына оқу-жаттығуларға түсіністікпен қарап, сабыр сақтауға кеңес берілді. 

Ақтөбеде 2016 жылы 5 маусымда теракт болды. Діни фанатиктер тобы қару дүкендері мен Ұлттық ұлан әскери бөлімшесіне шабуыл жасаған. Салдарынан сегіз адам қаза тапты, олардың үшеуі әскерилер. Кейінірек анықталғандай, сол күні кезекшілікте болған екі офицер террористерге қарсы тұрудың орнына бөлімшеден қашып кетіпті. Олар үш жарым және төрт жарым жыл жаза мерзіміне кесілді.

Жаңалықтар
0