Өңірлер

Ақтөбе облысында жамағат имамға көлік сатып әперді

© ДВД ЮКОкілт
кілт - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мешіт жамағаты имамға ВАЗ-21099 автокөлігін сыйлады

АСТАНА, 27 қараша — Sputnik. Қарғалы ауданы Шәмші Қалдаяқов ауылының тұрғындары жергілікті имамға Мәуліт мерекесі қарсаңында тарту жасады, деп жазады Aktobenews.kz. 

2015 жылдан бері мешіт үйіне қызмет қылып келе жатқан жас имам Айбек Ғалымға мешіт жамағаты ВАЗ-21099 автокөлігінің кілтін табыс етті.

Айбек Ғалым Ақтөбе медресесінің түлегі. Қызмет жолында жеткен жетістіктері де баршылық. Мысалы, 2014 жылы Қостанай қаласында өткен облыстық азаншылар байқауында бас жүлдені иеленген.

© Photo : http://aktobenews.kzАйбек Ғалым
Айбек Ғалым  - Sputnik Қазақстан
Айбек Ғалым

Жаңалықтар
0