Өңірлер

Супермаркеттер халықты қалай алдайды?

© Photo : Константин Чалабов / Медиабанкке өтуТауық еті. Архивтегі фото - рекадр
Тауық еті. Архивтегі фото - рекадр - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ақтөбедегі супермаркеттер тұтынушыларды грамдап жеп келген

АСТАНА, 29 қараша – Sputnik. Сөредегі өлшеп қойған тауарларының көбінің салмағы бағасына сәйкес келмейді. Мұның бәрі тұрғындар шу шығарған соң ғана белгілі болып отыр, деп хабарлайды КТК.

Уәлиханов көшесінде орналасқан дүкендегі ұрлық, Астана - Sputnik Қазақстан
Видео
Астанада дүкенге шатыр арқылы түскен ұры бақылау камерасына түсіп қалды
Супермаркеттен алғанын сол жерде өлшеп, тексеріп шығатындар аз. Мұны пайдаланған сатушылар тауардың салмағын көбейтіп, асыра құн қояды екен. Мамандар қаладағы қос бірдей компанияның сауда желілерін тексерген мамандар да растап отыр. Сондықтан «Анвар» супермаркетіне 700 мыңдай, ал «Дина» дүкендер желісіне 450 мың теңге айыппұл салған. Әйтсе де тиыннан теңге құрап отырған гипермаркеттегілер адамдарды алдауын қояр емес. Әсіресе, өлшеп дайындап қоятын азық-түліктің салмағынан жеп қалуға тырысады.

"Тексеру жүргізу барысында осы бірқатар тауардың  салмағы, өлшемдері сәйкес келмеді. Көбіне күріш, пряниктер, шекер және тағы басқа тауарлардың салмағы сәйкес болмай жатады", — дейді Ақтөбе облыстық техникалық реттеу және метрология департаментінің бөлім басшысы Әсет Төребаев. 


Жаңалықтар
0