Қартаң әйелдің қолы, архивтегі фото

Павлодар облысында 81 жастағы әжейді зорлаған жігіт сотталды

3893
(Жаңартылды 21:16 29.11.2017)
Жас жігіт Қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша айыпты деп танылып, төрт жылға бас бостандығынан айырылды

АСТАНА, 29 қараша – Sputnik.  Павлодар облысында 81 жастағы әжейді зорлады деп айыпталған 23 жастағы жігітке үкім шығарылды, деп хабарлады облыстық соттың баспасөз қызметі.

Сот процесі жабық режимде өтті. Айыпталушы бұрын сотталмаған, үйленбеген. Ол ҚР ҚК 120-бабының 1-бөлімі (Зорлау) және 121-бабының 1-бөлімі (Сексуальды сипатта күш қолдану) бойынша кінәлі деп танылып, төрт жылға бас бостандығынан айырылды. Сотталушы сот залында тұтқынға алынды, өйткені ол тергеу және сот талқылауы кезінде ешқайда кетпеу туралы қолхатпен бостандықта жүрген.      

Бұған дейін бұл оқиға туралы әлеуметтік желілерде ауыл тұрғындары хабарлаған болатын. Олардың мәліметінше, қылмыс осы жылдың қыркүйегінде Успен ауданының Қозыкеткен ауылында жасалған.    


3893
Загрузка...