Өңірлер

Ақтөбе облысында зорланған келіншек оқиғаның қалай болғанын айтып берді

© AFP 2024 / JOEL SAGETКеліншек
Келіншек - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жоғалып кеткен келіншек он күннен соң, малшы ауылынан табылған

АСТАНА, 9 желтоқсан — Sputnik. Ақтөбе облысында он күн бойы жоғалып кеткен Нұршат Арысбекованы туыстары малшы ауылында ессіз жатқан жерінен тауып алған, деп хабарлайды КТК.

Қартаң әйелдің қолы, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Павлодар облысында 81 жастағы әжейді зорлаған жігіт сотталды

Туыстары келіншектің жанында бірнеше еркек болғанын айтады. Олардың Нұршатты аяусыз зорлап, қамауда ұстағанына сенімді. Енді соларды жазалауды талап етіп отыр.

Ең қызығы, Нұршат малшы ауылға бала-шағасын тастап өз еркімен барған. Некелі жары болса да, ол жақта Айсұлтан деген жігітпен таныспақ болыпты. Бірақ ол арақ ішкізіп, жанындағы әріптестерімен бірге келіншекті зорлаған көрінеді.

Екі жүз мың теңгеге жалдаған адвокаты Нұршатты қорғаудан бас тартып отыр. Себебі, қорлық көрдім деген келіншек тергеу кезінде сөзінен бірнеше рет тайқыған.

Қазір тәртіп сақшылары бұл оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғаған. Бірнеше сараптама тағайындапты.

Жаңалықтар
0