Өңірлер

Алматыдағы басты жаңажылдық шырша 18 желтоқсанда жанады

© Sputnik / Анатолий УстиненкоАлматы
Алматы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қаланы Жаңа жылға орай әрлеуде бүкіл желтоқсан мерекелері ескерілген

АСТАНА, 12 желтоқсан — Sputnik. Алматыдағы басты жаңажылдық шырша Тәуелсіздік күнінен соң 18 желтоқсанда жағылады, деп жауап берді қалалық әкімдік Sputnik Қазақстан сауалына.

Жаңажылдық ойыншық - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Астана әкімі: Жаңа жылға дайындық Тәуелсіздік күнінен кейін басталады

Әкімдік баспасөз қызметі атап өткендей, қаланы әрлеу кезінде ұлттық стиль қолданылып, желтоқсан айындағы бүкіл мереке ескерілген.

"Қаланы Жаңа жылға орай безендіру Тәуелсіздік күнін тойлаған соң басталады, яғни жаңажылдық шырша 18 желтоқсанда жағылмақ. Былтырғы әшекейлер біраз жөндеуден өтіп, биыл да пайдаланылады", — деді әкімдікте.

Биыл қаланы әрлеуге жергілікті бюджеттен 175 миллион теңге бөлініпті.

Қалада барлығы 15 жаңажылдық шырша қойылады: Республика сарайы алдында, Абай атындағы қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театры алдында, Тұңғыш президент паркінде, "Алматы Аренада" және басқа жерлерде.

Жаңалықтар
0