Фурманов көшесі

Назарбаев даңғылының ескі атауы жазылған тақтайшалар қоқыста жатыр

112
(Жаңартылды 11:40 14.12.2017)
Алматыдағы Фурманов көшесінің атауын Назарбаев даңғылы деп өзгерту туралы шешім қарашаның соңында қабылданды

АСТАНА, 13 желтоқсан — Sputnik. Назарбаев даңғылынан алынып тасталған, ескі атау жазылған тақтайшалар қоқыс жәшігінде жатыр. Қоқыста жатқан тақтайшалардың суреті ВКонтакте желісіндегі "Типичная Алма-Ата" тобында жарияланған.

Ескі атау жазылған тақтайшалар
© Photo : ВКонтакте желісіндегі "Типичная Алма-Ата" тобы
Ескі атау жазылған тақтайшалар

Жарияланған суреттің астындағы пікірлер арасында осы сәтті пайдаланып, ескі атау жазылған тақтайшаларды естелікке алып қалайық деп ұсыныс айтқандар болды.

Фурманов көшесінің атауын өзгерту шешімі 30 қараша күні Алматы мәслихаты сессиясында қабылданған еді. Қала әкімі Бауыржан Байбек атап өткендей, зиялық қауым өкілдері, үкіметтік емес ұйымдар, қала тұрғындары, әсіресе жастар тарапынан Назарбаевтың есімін мегаполистегі басты көшелердің бірі Фурманов көшесіне беруді ұсынған.

112
Загрузка...