Өңірлер

Әкім түні бойы шахтада болған: 154 адам жер астынан шықты

© Photo : акимат Карагандинской областиӘкім түні бойы шахтада болған: 154 адам кенжардан шықты
Әкім түні бойы шахтада болған: 154 адам кенжардан шықты - Sputnik Қазақстан
Жазылу
12 желтоқсанда Қарағандыға "АрселорМиттал ТМД" бас директоры Парамжит Калон келіп, облыс әкімі Ерлан Қошановпен кездесті

АСТАНА, 13 желтоқсан — Sputnik. Қарағанды облысы әкімі Ерлан Қошанов шахтаға түсіп, жұмысшылармен келіссөз жүргізді, нәтижесінде кенжардан 154 адам шықты, деп хабарлады облыстық әкімдік баспасөз қызметі.

ArcelorMittal Темиртау - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Қарағанды облысындағы кеншілер ереуілі туралы тың ақпарат шықты

12 желтоқсанда Қарағандыға "АрселорМиттал ТМД" бас директоры Парамжит Калон келіп, облыс әкімі Ерлан Қошановпен кездесті. Бизнесмен мен өңір басшысы компания ұсынатын шарттарды талқылаған. Келіссөздер 9 сағатқа созылып, кешкі он бір кезінде аяқталды, содан кейін әкім мен АМТ атқарушы директоры Вадим Басин шахтерлерге аттанды.

Бір жарым сағаттан соң Ерлан Қошанов "Шахтинск" шахтасының кенжарына түсті. Екі сағат шахтерлермен әңгімелескен соң, 59 адам жер бетіне шықты. "Тентек" шахтасында 76 адам кенжардан шыққан.

Түнгі үш кезінде "Тентек" шахтасында Ерлан Қошанов "АрселорМиттал Теміртау" АҚ шахтасының директорлары, кәсіподақтары, бригадирлері қатысуымен жиналыс өткізді. Шахтерлер қойған талаптар мен компанияның ұсыныстары қайта талқыланды.

Бір сағаттан соң әкім "Ленин" шахтасына барып, кенжарға түсіп, шахтерлермен кездесті. 19 адам кенжардан шықты.

Таңғы алты кезінде әкім "Қазақстан" шахтасына түсіп, келіссөздер жүргізіп жатыр.

13 желтоқсан сағат 8-дегі ахуал бойынша барлығы 154 шахтер кенжардан шыққан.

Жаңалықтар
0