Өңірлер

Қарағанды шахтасында күзетші көз жұмды

© Sputnik / Андрей Стенин / Медиабанкке өтуНауқас ауруханаға жеткізілді, архивтегі фото
Науқас ауруханаға жеткізілді, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Күзет фирмасы қызметкерінің өліміне Қарағанды облысындағы ереуілдің қатысы жоқ

 АСТАНА, 13 желтоқсан — Sputnik. Қарағандыда Костенко атындағы шахтада күзет фирмасы қызметкері Александр Мороко көз жұмды. Ақпаратты Sputnik Қазақстанға кәсіпорынның еңбекті қорғау жөніндегі технологы растады.  

Қарағанды - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
ІІМ Қарағанды облысындағы жағдайға қатысты: ешқандай әскер кіргізген жоқпыз
"Александр Мороко "Беркут —7" күзет агенттігі ЖШС-ның мердігер ұйымында жұмыс істеді. Ол қызметке сағат 9.00-де кіріскен, ал 10.40-та шлагбаумға технологиялық автобус келген. Оған шлагбаумды ешкім ашпаған. Біраз уақыттан кейін жүргізуші қызметкер еденде ес-түзсіз жатқанын көрген. Алғашқы көмекті көрсетуге тырысқанымен нәтиже болмаған", — деп түсіндірді технолог.

Костенко шахтасы өкілінің айтуынша, 47 жастағы Мороко таңертең дәрігерлік тексерістен өткен, бірақ денсаулығына шағымданбапты.  

Алдын ала мәлімет бойынша, ер адамға өкпе артериясының  тромбоэмболиясы деген диагноз қойылды.  

 "АрселорМиттал ТемІртау" АҚ-дағы дауға кісі өлімінің ешқандай қатысы жоқ. Қан ұйығы жарылып, әп-сәтте көз жұмған. Полиция келіп, қалай болғанын сұрады", — деп толықтырды технолог.


Жаңалықтар
0