Өңірлер

"АМТ" бас директоры: шахтерлер жер астынан шықса, келіссөз жүргізуге дайынбыз

© AP Photo / David GoldmanКеншілер
Кеншілер - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Шахтадан шықпай қойған 600-ден астам шахтер жер бетіне көтерілсе, "АрселорМиттал Теміртау" оларды жазаламайды

АСТАНА, 14 желтоқсан — Sputnik. "АрселорМиттал Теміртау" бас директоры ереуіл бастаған шахтерлерге үндеу жолдады.

Шахтерлер - Sputnik Қазақстан
Фото
Қарағанды облысындағы ереуілшілермен келіссөз – оқиға орнынан кадрлар

"АрселорМиттал Теміртау" бас директоры мәлімдегендей, барлық шахтер жер бетіне шықса, компания кеншілер тобымен келіссөз жүргізуге дайын. Бұл туралы Қарағанды облысы әкімдігінің сайтында жарияланды. 

13 желтоқсан 20.30-да Қарағанды облысы әкімі басшылығымен "Тентек" шахтасында кеншілер тобы мен "АрселорМиттал ТМД" АҚ басшысы Парамжит Калонмен кездесті.

Облыс әкімінің хабарлауынша, 600-ден астам шахтер әлі де жер астында. Ерлан Қошанов ерекше атап өткендей, еңбек дауын шешу мақсатында ҚР премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев пен ArcelorMittal бас акционері Лакшми Миттал телефон арқылы сөйлесіпті. Содан соң компания иесі кәсіпорынның бас директоры Парамжит Калонға тиісті тапсырмалар берді. 

"Парамжит Калон жиналғандарға компания шартын түсіндіріп өтті: "АрселорМиттал Теміртау" АҚ кеншілердің өкілдерімен жақын арада келіссөз жүргізуге дайын, ол үшін барлық шахтер жер бетіне шығуы тиіс. Осы шарт орындалған жағдайда, ешбір кенші жазаланбайтын болады", — делінген хабарламада.

"АрселорМиттал Теміртау" АҚ көмір департаменті төрт шахтасының 200-ге жуық жұмысшысы 11 желтоқсанда жұмыс ауысымы аяқталған соң кенжардан шықпай қойған. Жұмысшылармен келіссөз жүргізу үшін компания өкілдері келді. Шахтерлер бірқатар талап қойған, оның ішінде жалақыны көтеру және зейнет жасын төмендету бар.

Жаңалықтар
0