Көлік ұрлау оқиғасы

Алматыда 15 жастағы жасөспірім 12 көлік ұрлаған

192
(Жаңартылды 14:59 15.12.2017)
Алматыда түнде екі көлік ұрлау жайты анықталды

АСТАНА, 14 желтоқсан — Sputnik. Алматыда түн ішінде екі көлік ұрлау жайты анықталып, қос жүргізуші де ұсталды, деп хабарлайды куәгерлер Sputnik Қазақстан агенттігіне.

Бірінші қылмыс сол күні түнде болып, Mazda көлігінен айырылған азамат полицияға арыз беріпті. "Боран-95" полиция экипажы күдікті көлікті байқап, тоқтатады, алайда рөлде отырған жігіт қашып кетуге тырысқан.

Қылмыскер Абай даңғылы бойында, Алтынсарин көшесіне жетпей ұсталды. Ол 2002 жылы туған жасөспірім болып шықты. Ұсталған жасөспірім мойындағандай, Mazda маркалы көлігін 12-ші рет ұрлап отыр екен. Сөзіне сүйенсек, бұл жолы көлік ұрлауға оқиға орнынан қашып кеткен досы көндіріпті.

Екінші көлік ұрлаушы Райымбек және Сүйінбай көшелері бойында ұсталды. Mercedes жүргізушісі Сүйінбай көшесі бойымен келе жатып, рөлге ие бола алмай, нәтижесінде көлік әуелі көпір тірегіне, содан соң қоршауға соғылып, бұзып жарып, ақыры жол ортасында тоқтап қалған.

  • Көлік ұрлау оқиғасы
    Көлік ұрлау оқиғасы
    © Sputnik / Предоставлено очевидцами
  • Көлік ұрлау оқиғасы
    Көлік ұрлау оқиғасы
    © Sputnik / Предоставлено очевидцами
  • Көлік ұрлау оқиғасы
    Көлік ұрлау оқиғасы
    © Sputnik / Предоставлено очевидцами
  • Көлік ұрлау оқиғасы
    Көлік ұрлау оқиғасы
    © Sputnik / Предоставлено очевидцами
  • Көлік ұрлау оқиғасы
    Көлік ұрлау оқиғасы
    © Sputnik / Предоставлено очевидцами
1 / 5
© Sputnik / Предоставлено очевидцами
Көлік ұрлау оқиғасы

Жол апаты салдарынан рөлде отырған ер адам зардап шекті. Полиция қызметкерлері анықтағандай, көлік он күн бұрын Алмалы ауданында ұрланған екен. Жүргізуші ұсталып, Алмалы АІІБ-не жеткізілді.


192
Загрузка...