Өңірлер

Алматы әуежайында 10 рейс кешігіп жатыр

© Sputnik / Анатолий Устиненко"Эйр Астана" әуе компаниясы
Эйр Астана әуе компаниясы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Алматыда әртүрлі себептерге байланысты он рейс әлі аттанған жоқ

АСТАНА, 14 желтоқсан — Sputnik. Алматы әуежайында таңертеңгі ахуал бойынша 10 рейс кешігіп жатыр.

Ұшақ әуежайға қонып жатыр, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Келесі жылы елімізде Еуропаға жаңа рейстер ашылады

Баспасөз қызметі хабарлағандай, техникалық себептерге байланысты Air Astana әуе компаниясының бір дегенде үш ұшағы уақытында ұшпаған.

Ауа райы қолайсыздығы салдарынан SCAT әуе компаниясының Семей мен Шымкентке аттанатын рейстері кешіктірілді.

Өзге ұшақтар Алматыға басқа қалалардан келетін рейстер қатты кешіккендіктен әлі ұшқан жоқ. Олардың арасында Turkish Airlines компаниясының Стамбул рейсі, SCAT компаниясының Қостанайға рейсі және Air Astana компаниясының Ақтөбе, Стамбул және Бішкек қалаларына баратын үш рейсі бар.


Жаңалықтар
0