Өңірлер

Ұлттық ұлан сарбаздары жоғалып кеткен ер адамды тапты

CC0 / / Мужчина идет по дороге
Мужчина идет по дороге - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қырағы сарбаздар бөлім командирінің құқығымен көтермеленді

АСТАНА, 16 желтоқсан — Sputnik. Орал қаласында Ұлттық ұлан сарбаздары жоғалғандар қатарында тіркелген ер адамды тапты, деп хабарлайды ҚР Ұлттық ұланы "Батыс" ӨҚ баспасөз қызметі.

Ақша - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Ұлттық ұлан сарбаздары студент қыздың жоғалтып алған әмиянын тауып берді

Баспасөз қызметінің ақпаратынша, әскери жасақ басшысы Дәурен Сағындықов, қатардағы патрульдік сарбаздар Бекзат Садинов пен Оралбек Мыңтөре Жуков көшесінде №13 үйдің жанындағы гараждардың маңында мас ер адамды байқап қалады. Нұсқау бойынша әрекетке көшкен сарбаздар қоғамдық тәртіптің бұзылғаны туралы дереу кезекшіге хабар береді. 

Үсті басы кір-қожалақ ер адам қасына келген сарбаздардың ескертуін елемеген. 

Патруль ұсталған азаматты жақын маңдағы полиция учаскесіне жеткізді. 

"Тексеру барысында Р. есімді Орал тұрғыны ұзақ уақыт із-түзсіз жоғалған адам ретінде іздеуде болғаны анықталды", — делінген хабарламада. 

Қызметтік міндетін орындау барысында қырағылық танытып, көзге түскен әскери жасақ бөлім командирінің құқығымен көтермеленді.

© Photo : ҚР Ұлттық ұланы "Батыс" ӨҚ баспасөз қызметіҰлттық ұлан сарбаздары
Ұлттық ұлан сарбаздары - Sputnik Қазақстан
Ұлттық ұлан сарбаздары
Жаңалықтар
0