Мақсұт Досполов

15 миллион теңге пара алған Рудный әкімінің бұрынғы орынбасары сотталды

144
(Жаңартылды 13:36 27.12.2017)
Шенеунікке пара берген кәсіпкер де бас бостандығынан айырылды

АСТАНА, 26 желтоқсан — Sputnik. Рудный соты ірі көлемде пара алды деп айыпталған қала әкімінің бұрынғы орынбасары Мақсұт Досполовқа қатысты үкім шығарды, деп жазды "Костанайские новости".

Мақсұт Досполов ҚР ҚК 366-бабы 3-бөлімінің 3-тармақшасы бойынша (Ірі көлемде пара алу) кінәлі деп танылып, сегіз жылға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ сот оны мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан өмір бойына айырып, заңсыз жолмен алынған немесе заңсыз жолмен алынған қаржыға сатып алған мүлкін тәркілеуге үкім шығарды.  

Бұрынғы мемлекеттік қызметкер жазасын орта қауіпсіз мекемеде өтейді.  

Мамыр айында Досполов "Өркен" ЖШС директоры Өмірхан Мүсірәлиевтен алдағы уақытта оның компаниясына қолдау жасау үшін 15 миллион теңге пара алған. Сот Мүсірәлиевті де сегіз жылға бас бостандығынан айырды.   


144