Өңірлер

Шымкентте дауыл соғып, жаңа жылдық шыршаларды құлатып кетті

© Photo : ОтырарШымкентте дауыл соғып, шыршаны құлатты
Шымкентте дауыл соғып, шыршаны құлатты - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қалада қатты соққан жел шатырларды ұшырып, билборд пен бағаналарды құлатты

АСТАНА, 27 желтоқсан — Sputnik. Шымкентте дауыл соғып, бірнеше жаңа жылдық шыршаны құлатып кетті, деп хабарлайды "Отырар" өңірлік басылымы.

Қар көшкіні - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Еліміздің үш облысында қар көшкіні жүруі мүмкін

Желдің қатты ұйытқуы салдарынан сейсенбіден сәрсенбіге қараған түні Әл-Фараби алаңындағы, Қалдаяқов аллеясындағы және облыстық әкімдік ғимараты алдындағы жасанды ағаштар құлап қалды.

"Ақпарат әкімдік кезекшісіне хабарланды. Шыршаларды қалпына келтірумен қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық қызметі айналысып жатыр", — деп мәлімет берді төтенше жағдайлар жөніндегі департамент.

Күн райының күрт бұзылуы салдарынан қалада шатырлар бүлініп, жеке сектордағы билбордтар мен жарнамалар қирады, бағаналар да құлап қалған. Кей аудандарда жарық сөніп қалыпты.

© Photo : otyrar.kzШымкенттегі дауылдың салдары
Шымкенттегі дауылдың салдары - Sputnik Қазақстан
1/3
Шымкенттегі дауылдың салдары
© Photo : otyrar.kzШымкенттегі дауылдың салдары
Шымкенттегі дауылдың салдары - Sputnik Қазақстан
2/3
Шымкенттегі дауылдың салдары
© Photo : otyrar.kzШымкенттегі дауылдың салдары
Шымкенттегі дауылдың салдары - Sputnik Қазақстан
3/3
Шымкенттегі дауылдың салдары
1/3
Шымкенттегі дауылдың салдары
2/3
Шымкенттегі дауылдың салдары
3/3
Шымкенттегі дауылдың салдары

Жаңалықтар
0