Өңірлер

18 жастағы қызды өлтірген такси жүргізушісі сотталды

© Photo : pixabay.com/AJELСот
Сот - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ер адамның қызды зорлағаны дәлелденбеді

АСТАНА, 29 желтоқсан — Sputnik. Алматы қаласы қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық соты 18 жастағы бойжеткенді өлтірген такси жүргізушісін 21 жылға соттады.

Сот жабық режимде өтіп жатыр. Ер адамға "Кісі өлтіру" бабы бойынша айып тағылған.

Кісен - Sputnik Қазақстан
Оқиға
18 жасар бойжеткенді зорлап, өлтірді деген күдікпен такси жүргізушісі ұсталды

"Үкім шығарылды, енді шағым түсіреміз. Ол осының алдында жаза мерзімі біткенге дейін түрмеде отырған жоқ. Жақсы тәртібі үшін босатқан, сол себепті бұл жолы да солай істемейді дейтіндей кепіл жоқ", — дейді қаза тапқан қыздың анасы Сәуле Сарбаева.

Бойжеткенді зорлады деген айып айғақтардың жоқтығынан дәлелденбеді. Алайда қыздың анасы айтқандай, екі ай жоғалып кеткен бойжеткеннің денесінің "сау тамтығы қалмаған".

Назерке Әріп 10 шілдеде Талғар ауданы Тұздыбастау ауылында үйінен шығып кетіп, қайтып оралмаған. Туыстары оны Алматыға кетті деп ойлайды. Іздеу екі ай жүргізіліп, қыздың денесі бейіт басынан табылған. Бойжеткенді 6 қыркүйекте жерледі. Оны зорлап өлтірді деген күдікпен 33 жастағы такси жүргізушісі ұсталды.

Күдікті үш рет сотталған. Бұдан бұрын кісі өлтіргені үшін түрмеге түсіп, жақсы тәртібі үшін босап шыққан.

Жаңалықтар
0