КСРО халық әртісі Асанәлі Әшімов

Асанәлі Әшімов парамен ұсталған театр директорына қолдау көрсетті

1074
(Жаңартылды 12:22 09.01.2018)
Өнер саласындағы зиялылар қоғамды қалыптасқан жағдайға әділ баға беруге шақырды

АСТАНА, 8 қаңтар — Sputnik.  Алматыда өнер интеллигенциясы өкілдері пара алып жатқан жерінен ұсталған М. Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының директоры Ерлан Біләловке қолдау көрсетті. 

Баспасөз конференциясы  Әуезов атындағы театрдың ғимаратында өтті, Ерлан Біләловті қолдауға жазушылар, әр түрлі театр басшылары ұжымымен бірге келді.

"Жазушылар, драматургтер, режиссерлер мен театр жұмысшылары келді. Біздің театрымызда жайсыз жағдай болды, бұл бәрімізді алаңдатып отыр. Оның алғаны (ақшаны – редакция ескертпесі) дұрыс болмады, ол жазасын тартады. Қазір біз оның қандай адам екенін айтқымыз келеді, егер біз оған мінездеме бермесек, кім береді? Кез келген адам осындай жағдайға тап болуы мүмкін, бұл кездейсоқтық деп ойлаймын. Болар іс болды, өмір болған соң адам сүрінеді. Осы бір жағдай бүкіл өміріне сабақ болады. Ол енді образ жасағанда осы жағдай көмектеседі", — деді КСРО халық әртісі Асанәлі Әшімов.    


1074
Загрузка...