Қар

Бүгін еліміздің бірнеше облысында қар жауады

314
(Жаңартылды 16:47 15.01.2018)
Синоптиктердің болжауынша республиканың бірнеше өңірінде қар қалың жауып, боран соғады

АСТАНА, 15 қаңтар — Sputnik. Қазақстан аумағында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты кей жерлерде қар жауады, оңтүстік пен оңтүстік-шығыста түнде кей жерлерде қар қалың жауады, кей жерлерде боран соғып, тұман түседі, көктайғақ болады, деп хабарлайды Қазгидромет.

Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарында кей жерлерде желдің екпіні 15-20 м/с, боран соғып, тұман түседі, Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарында көктайғақ. Алматы облысында кей жерлерде тұман, Жалаңашкөл ауданында желдің екпіні 15-20 м/с.

Ақмола, Қызылорда облыстарында кей жерлерде тұман, желдің екпіні 15-20 м/с. Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Қостанай, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Маңғыстау облыстарында кей жерлерде тұман, Павлодар облысында күндіз кей жерлерде боран соғады.

314