Қар

Еліміздің екі облысында боранға байланысты жолдар жабылды

147
(Жаңартылды 17:09 15.01.2018)
Боран салдарынан жолдың дұрыс көрінбеуіне байланысты барлық көлік түрі үшін қозғалыс тоқтатылды

АСТАНА, 15 қаңтар  — Sputnik. Ақмола және Павлодар облыстарында жолдар жабылды, деп хабарлайды ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар жөніндегі комитеті сайты.

"Ауа райы қолайсыздығына (бұрқасын, боран, жолдың дұрыс көрінбеуі) байланысты Астана – Ерейментау – Шідерті жолында көліктердің барлық түрі үшін қозғалыс тоқтатылды", — делінген хабарламада.

Ал Павлодар облысында 14  қаңтарда сағат  23.50-ден бастап Астана – Шідерті жолы жабылды.

Сонымен қатар, бұдан бұрын Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарында дабылды ескерту жарияланған еді.


147