Такси, архивтегі фото

Түркістанда ата-анасының айлығын алған бойжеткенді "таксист" қинап өлтірген

1829
(Жаңартылды 12:57 25.01.2018)
Екі апта бұрын із-түзсіз жоғалып кеткен бойжеткеннің денесі табылды

АСТАНА, 24 қаңтар — Sputnik. Түркістанда іздеуде болған қызды өзін "таксистпін" деп таныстырған жас жігіт айуандықпен өлтірген. Осылай деп ашынған марқұмның туыстары күдіктіні үш бірдей қылмыстық іс бойынша жауапқа тартуын талап етті, деп хабарлайды Otyrar.kz.

Жұмабековтар отбасы қайғыдан қан жұтып отыр. Екі апта бұрын үйінен аман есен шығып кеткен қыздарының денесін тауып, жер қойнына тапсырған. Сұмдық жағдай, осыдан екі апта бұрын болған. Қыздары Әйгерім Тасболатова Түркістандағы орталықта орналасқан банкоматтан анасы мен әкесінің айлығын алған екен. Мұны байқаған жас жігіт қомақты қаржы алған қызды көлігіне алдап мінгізіп, көпшіліктен тыс жерде оны қинап өлтіріпті.

"Денесін Достық ауылының шетінен тапқан. Қызымның мәйітін өзім көрдім. Айуандықпен ұрып өлтірген. Адам шошырлық күйде. Бет аузы көгеріп кеткен. Қызымды әрең дегенде таныдым. Бет әлпеті мүлдем көрінбейді", — дейді марқұмның әкесі Жақсылық Жұмабеков.

Әйгерім Тасболатоваға туысқандары осы жылдың алтыншы қаңтары күні іздеу салған. ІІБ арызданып, тіпті прокуратура қызметкерлерінен көмек сұрапты. Арада бір жеті өткенде полицейлер Түркістан қаласындағы сауда орталықтарының бірінен қыздың ұялы телефонын табады. Сөйтсе ұрлықы телефонды сатушыға "таксист" жігіт арзан бағаға сатып кеткен екен. Бірақ сатушы Әйгерімнің ұялы телефонын ұстап жүрген жігітті суретке түсіріп алған. Осы суреттің арқасында қанды қылмыс жасады деген күдікті бірден ұсталып, қамауға алынған.

ОҚО ІІД баспасөз қызметі хабарлағандай күдікті қазір қамауда. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Бойжеткенді айуандықпен өлтірді деген азамат екі аптадан кейін қылмысын мойындап, мәйітті өзі тауып берген. Мұны құзырлы орган өкілдері де растап отыр.

"Сараптама тағайындалды. Осы іс бойынша 1992 жылғы жергілікті тұрғын үсталды. Марқұм қыздың ата-анасы 11 қаңтар күні арызданған. Ал күдіктінің өзі екі аптадан кейін ұсталып отыр", — деп түсіндірді ОҚО ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Салтанат Қарагөзова.

Жұмабековтар отбасы қыздарын өлтірген азамат заң алдында бірнеше іс бойынша жауап берсін деп талап етуде. Өйткені күдікті қыздың ұялы телефоны мен ақшасын қолды етіп, кейін оны зорлап өлтірді дейді. Бірақ бойжеткеннің зорлық көргенін растау үшін сараптама жұмыстарының қорытындысы қажет.

 

1829
Кілт сөздер:
банкомат, таксист, Түркістан
Архивтегі фото

Атыраудың тергеу абақтысында сотталғандар бүлік шығарды

133
Жанжалды бастағандар режимді бұзып, қамауға алынған басқа адамдарды тәртіпсіздік жасауға шақырды. Қазіргі уақытта мекемедегі жағдай тұрақтанды

НҰР-СҰЛТАН, 3 маусым – Sputnik. Атырау тергеу изоляторында отырған бес сотталушы режимді бұзып, қамауға алынған басқа адамдарды тәртіпсіздік жасауға шақырды, деп хабарлады ІІМ қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметі.

Оқиға 2 маусымда кешкі тексерістен кейін болған.

"Атырау қаласының тергеу изоляторында сотталған бес адам жүріп-тұру режимін бұзды, сондай-ақ қамауға алынып, тергеліп жатқан басқа адамдарды тәртіпсіздікке шақырды. Заңсыз әрекеттерді болдырмау үшін жоғарыда аталған адамдар тәртіптік изоляторға қамалды", - деп хабарлады комитет.   

Ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметінше, тәртіпсіздікті ұйымдастырушылар кісі өлтіру, қасақана ауыр дене жарақатын салу, ірі көлемде ұрлық жасау секілді ауыр және аса ауыр қылмыстар жасағаны үшін жазасын өтеп жатыр.

Оқи отырыңыз: Арқалықтағы "қасапшылар түрмесіне" алғаш рет әйел түсті

Облыстық қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің басшылығы, прокуратура қызметкерлері, сондай-ақ ұлттық алдын-алу жүйесінің өкілдері оқиға орнына барып, сотталғандар арасында сауалнама жүргізіп жатыр.

Қазақстан Қылмыстық кодексінің 428-бабы бойынша (қылмыстық-атқару мекемесі әкімшілігінің заңды талаптарын орындамау) сотқа дейінгі тергеу басталды.

Қазіргі уақытта мекемеде жағдай тұрақты, жүріп-тұру режимін бұзуға жол берілмеді.  

133
Кілт сөздер:
Атырау, тергеу абақтысы
Тақырып бойынша
Түрмедегілер бүлік шығарды: екі офицер мен 25 тұтқын көз жұмды
Түрмедегі коронавирус: жүкті әйелдің сынамасы қате болып шықты 
Челахтың түрмеде көз жұмғаны рас па – ресми жауап
Көкшетауда әкімшілік жазасын өтеп жатқан екі адам көз жұмды
Украина түрмесінде бүлік шықты – оқиға орнында түсірілген видео
Жандарбек Бекшин

Бекшин Алматыда енгізілген шектеу шараларын түсіндірді

710
Қазір қалада адамдар кәсіпкерлердің үйін жалға алып жатыр. Ұжым болып жиналып, карантин режимін бұзатындар көбейген

АЛМАТЫ, 3 маусым – Sputnik. Алматының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин 1 маусымда қабылданған қаулыдағы шектеу шараларын түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Қаулыға сәйкес, қала аумағанда топ болып жиналуға тыйым салынады.

"Қала алаңдарында, аумағында адамдардың топ болып жүруіне шектеу қойып жатырмыз. Қазір адамдар жеке үйлерді, кәсіпкерлердің үйін жалға алып жатыр. Ұжым болып жиналып, карантин режимін бұзатындар көбейді. Сол себепті осындай шешім қабылдадық", - деді ол.

Сонымен қатар баланы балабақшадан алып қайтуға егде жастағы кісілерді жібермеуге қатысты ұсынысын түсіндірді.

"60-65 жастан асқан кісілер инфекцияны тез жұқтыратын қауіпті топқа кіреді. Ең бірінші талап – оларды оқшаулау. Үлкендер бұл талапты қатаң сақтап келгендіктен науқастар арасында олардың саны көп емес. Жастардың үлесі – 41%,  үлкендердің үлесі жеті процентке жетпейді. Үлкендерге қарым-қатынасты азайту керек", - деді ол.

Қаланың бас санитар дәрігері мемлекеттік балабақшаны ашу туралы мәселе 15 маусымға дейін көтерілмейтінін айтты.  

Сонымен қатар ашық бассейн мен жағажайдың жұмысына рұқсат беру мәселесі де 15 маусымнан кейін қаралатынын жеткізді.

Оқи отырыңыз: Алматыда карантин шарасы күшейтіледі 

"Бізде күн ыстық, көбіне судың сапасы қажетті бактериологиялық және паразитологиялық көрсеткіштерге сәйкес келмейтінін көпжылдық талдау көрсетіп отыр. Сол себепті шомылу аймақтарын ашу мәселесін қарастырмаймыз. Оларды 1 маусымнан бастап ашу жөнінде бірқатар ұсыныс түсті, алайда бұл мәселені 15 маусымнан кейін қарастырамыз", - деді Бекшин.

Ол қаладағы спорт кешендерінде бассейн ашық екенін, ал Алматыдағы су қоймаларының сапасы сын көтермейтінін алға тартты.

710
Кілт сөздер:
Алматы, Жандарбек Бекшин
Тақырып:
Төтенше жағдай және карантин
Тақырып бойынша
Қазақстанда карантин кезінде балалар суициді жиілеген
Бекшин Алматыда қызметі тоқтатылған нысандарды атады
Әскерге шақырылғандар он төрт күнге карантинге алынады 
Алматыда той жасауға рұқсат берілді ме
Блок бекетте шын мәнінде не болғаны жұртқа жария етіледі – полиция бастығы
Нұрсұлтан Назарбаев

Назарбаев Қауіпсіздік кеңесінде тағайындау жасады

268
(Жаңартылды 12:42 04.06.2020)
Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың шешімімен Қауіпсіздік кеңес хатшылығының меңгерушісі ауысты

НҰР-СҰЛТАН, 4 маусым — Sputnik. Қауіпсіздік кеңес хатшылығының меңгерушісі қызметіне Ерлан Байтұқбаев тағайындалды. 

Елбасының ресми сайтында Қазақстанның тұңғыш президенті, Кеңес төрағасының шешімімен Шоқан Елшібеков басқа жұмысқа ауысуына байланысты қызметінен босатылғаны жазылған.

Оның орнына бұған дейін Қауіпсіздік кеңестің құқық қорғау жүйесі бөлімі меңгерушісінің орынбасары болған Ерлан Байтұқбаев келді.

Ерлан Байтұқбаев туралы не білеміз

Ерлан Байтұқбаев 1969 жылы туған. Әл-Фараби атындағы қазақ мемлекеттік ұлттық университетін  тәмамдаған (мамандығы "құқықтану").

Еңбек жолы Алматыда Фрунзе ауданы прокурорының көмекші-стажері ретінде бастады. Түрлі жылдары прокурор, аға прокурор, Қостанай облысы прокурорының орынбасары, Орталық көлік прокуратурасы аппаратының жетекшісі қызметтерін атқарды.

Сондай-ақ, индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің өнеркәсіп комитеті төрағасының орынбасары, инвестициялар және даму министрлігі комитеті басшысының орынбасары болған.

Тағайындауға дейін Қауіпсіздік Кеңесінің құқық қорғау жүйесі бөлімі меңгерушісінің орынбасары қызметін атқарған.

268
Кілт сөздер:
тағайындау, Қауіпсіздік кеңесі, Назарбаев
Тақырып бойынша
Назарбаев коронавирус пандемиясынан кейін не болатынын айтты 
Назарбаев елге қандай адамдар қажет екенін айтты 
Назарбаев "Самұрық-Қазына" басшылығын мақтады
Тоқаев Қытай басшысына хат жазды
Тоқаев Қытай төрағасы телефонмен сөйлескенде өзіне не дегенін айтты