Қоқыс

Өскеменде аулалар бірнеше күннен бері тазартылмай, қоқыс басып кетті

20
Қоқыс шығарумен айналысатын кәсіпорын бұл жайт туралы ешқандай пікір білдірмеді

АСТАНА, 29 қаңтар — Sputnik. Өскеменде аулалар бірнеше күннен бері қоқыстан тазартылған жоқ, деп жазады жергілікті Устинка LIVE басылымы.

Потанин және Дзержинский көшелері бойында тұратын жұрт қоқысты лық толы контейнерлердің қасына қойып кетіп жатыр. Бұдан бөлек, қоқыстың жиналып қалуы салдарынан, маңайды қорқау ит пен мысық торуылдап жүр. 

Басылымның жазуынша, контейнерлерді тазалаумен "Оскеменспецкоммунтранс" кәсіпорыны айналысады. Алайда коммуналдық кәсіпорын өкілдері басшылықтың жұмыс орнында емес екенін сылтауратып, жауап беруден бас тартты.

20
Кілт сөздер:
контейнерлер, аулалар, қоқыс, Өскемен
Загрузка...