Өңірлер

Көкшетауда дәрігерлер қауіпті дертке шалдыққан сәбиді құтқарды

© SputnikКөкшетауда дәрігерлер қауіпті дертке шалдыққан сәбиді құтқарды
Көкшетауда дәрігерлер қауіпті дертке шалдыққан сәбиді құтқарды - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Денесінің 60 пайызы зақымдалған қыз бала сегіз күн жансақтау бөлімінде жатқан

АСТАНА, 2 ақпан — Sputnik. Лайелла синдромына шалдыққан бір жасқа толмаған қыз Ақмола облыстық ауруханасында емделіп шықты.

Аурухана - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Шымкентте құлағы бетінде орналасқан балаға ота қажет

Айша Мұқашева ауыр хәлде ауруханаға түскен болатын,  Лайелла синдромы денесінің 60 пайызын зақымдаған екен. Қыздың әуелі бет-ауызы мен мойыны, кеудесі бөрткен соң, ата-анасы есекжем ауруы деп ойлайды, алайда келесі күні бөртпе сәбидің бүкіл денесіне қаптап кеткен.

"Лайелла синдромы — терінің улы эпидермальды некролизге ұшырауы. Себебі – бактерияға, туберкулезге қарсы дәрі-дәрмекке, витаминдерге, жөтелге қарсы және ыстықты түсіретін сироптарға қосылатын бояғыш заттарға аллергияның болуы. Сонымен бірге кейбір тағамдар да осы синдромға шалдықтыруы мүмкін. Көбінесе аллергиясы бар ересектер мен балалар осы науқасқа ұшырайды", — деп түсіндірді жансақтау бөлімінің меңгерушісі Елена Иванова. 

Айша сегіз күн жансақтау бөлімінде жатып, кейін сәбилер бөліміне ауыстырылған, жақында үйіне қайтарылыпты. 


Жаңалықтар
0