Терезенің жанында тұрған әйелдің сұлбасы, архивтегі фото

Ауруханаға кеткен Алматы облысының тұрғыны із-түзсіз жоғалды

297
(Жаңартылды 20:51 06.02.2018)
Әйел бір рет қоңырау шалып, жұмыс тапқанын хабарлаған, алайда қайда екенін айтпаған

АСТАНА, 6 ақпан — Sputnik. Екі баланың анасы, Алматы облысының тұрғыны екі аптадай бұрын ауруханаға кетіп, үйіне қайтып оралмаған, деп хабарлады КТК.

23 жастағы Анастасия Букова жоғалып кеткеннен кейін бір рет байланысқа шыққан.  

 

"Ол қоңырау шалып, "бәрі жақсы, мейрамханада жұмыс істеп жатырмын" деді. Алдымен қалада екенін айтты. Сөйлесіп жатқанда Қапшағайда екенін айтып қалды. Бір кезде: "болды-болды, кетуім керек, қожайын күтіп жатыр" деп сөндіріп қойды", — деген күйеуі Сергей Буков әйелінің мұндай мінезін бұрын-соңды байқамағанын айтты.  

Туыстары Анастасияны күшпен ұстап отырғанына сенімді.  

Отбасы жас әйелді іздеуді аудандық ауруханадан бастаған. Белгілі болғандай, Анастасия Букова дәрігерге бармаған. Туыстары ол өздігінен ешқайда кете алмайтынына сенімді, өйткені тіпті қалтасында жолға да ақшасы болмаған.  

Жоғалған әйелді іздеуге тергеушілер мен еріктілер де атсалысып жатыр.  


297