сиыр

Жол ережесін бұзбай көше кезіп жүрген сиырлар жұртты сүйсінтті

158
(Жаңартылды 12:24 07.02.2018)
Щучинскіде бірнеше күн бойы сиырлар көше кезіп жүр

АСТАНА, 6 ақпан — Sputnik. Щучинскіде сиырлар бірнеше күн бойы қала көшелерін кезіп жүр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. 

Әлеуметтік желіде тараған видеодан Щучинск орталығында сиырлардың жайбарақат қыдырып жүргенін көруге болады. Әрі үй жануарларының жол ережесін бұзбағаны тәнті етеді. Әсіресе қала тұрғындарын малдардың көшені жаяу жүргіншілер үшін белгіленген жерден кесіп өткені сүйсіндірді. 

Щучинск тұрғындары адасып жүрген малдардың иесін табу қажеттігін жарыса жазуда. Кейін сиырлардың көп қабатты үйлердің жанында желден қорғанғаны, қоқыс жәшіктері маңынан жем-шөп іздеп жүргені түсіп қалған фотолар пайда болды. 


158
Кілт сөздер:
көше кезу, сиырлар, Щучинск
Загрузка...