Өңірлер

Қарағанды тұрғыны өрт кезінде екі баланы балконнан тастап жіберді

© Sputnik / Владимир Федоренко / Медиабанкке өтуТұрғын үйдегі өрт, архивтегі фото
Тұрғын үйдегі өрт, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Көршілер өртеніп жатқан пәтердің терезесінің түбінде кілемді керіп тұрған, төменге түсірілген балалар зардап шекпеді

АСТАНА, 7 ақпан — Sputnik. Қарағанды тұрғыны төртінші қабатқа балкон арқылы шығып, көршісінің үш баласын өрттен құтқарды, деп хабарлайды облыстық ТЖ департаментінің баспасөз қызметі.  

7 ақпан күні күндіз құтқарушыларға Қарағандыдағы бес қабатты тұрғын үйден өрт шыққаны туралы хабарлама түскен. Белгілі болғандай, төртінші қабаттағы пәтердің залы мен жатын бөлмесі өртенген. Пәтерде балалар болған, сондықтан көршілер түтін шыға бастағаннан оларды құтқарып алуға бел буады.

Өрт сөндіруші - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Павлодар облысындағы өрт кезінде екі бала қайтыс болды
Үшінші қабатта тұратын Тахир Закизьянов көшеге үйіндегі кілемді лақтырған, көршілері оны жан-жағынан керіп ұстап тұрады. Кейін Тахир өз балконы арқылы өртеніп жатқан үйге көтерілген.  

Ер адам терезенің ар жағында жылап тұрған балаларды көрген. Дереу 2016  жылы туған қызды қолына алып, оны төменде балконда тұрған әйеліне береді. Содан кейін қарағандылық өртеніп жатқан пәтерден 2011 жылы туған егіз ұл балаларды алып шыққан. Алайда әйелі балаларды жерге құлатып алам ба деп қорыққан, сондықтан Тахир балаларды керілген кілемге тастауға шешім қабылдайды.  

"Өзімді емес, балалардың қауіпсіздігін ойладым. Балалар қатты шошып қалыпты, жылап жатыр екен, мені қапсыра құшақтап алды. Оларды кезекпен төменге тастадым", — дейді Тахир. 

Өрт сөндіруші - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Көкшетауда өрт кезінде екі бала мен әйел адам қаза тапты
Балалар зардап шеккен жоқ, олар «Жеңіл дәрежеде иіс тиіп уланды» деген алдын ала диагнозбен ауруханаға жеткізілді, дәрігерлер қарағаннан кейін үйге жіберген. Алдын ала мәлімет бойынша өртке балалардың отпен ойнауы себеп болған.    

Облыстық ТЖ департаменті өрт кезінде балаларды құтқарғаны үшін Тахир Закизьяновты марапаттау және сыйақы беру туралы өтініш білдіруге ниеттеніп отыр.    


Жаңалықтар
0