Нәресте, архивтегі фото

Атбасарда кәріз құдығынан нәрестенің мәйіті табылды

108
(Жаңартылды 18:45 08.02.2018)
Мәйітті коммунальдық қызметтің жұмысшысы тауып алған, "Кісі өлтіру" бабы бойынша тергеу жүргізіліп жатыр

АСТАНА, 7 ақпан – Sputnik. Атбасар қаласында кәріз құдығынан өлген нәресте табылды, қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлады ішкі істер департаменті.     

Атбасар АІІБ кезекшілік бөліміне 7 ақпан күні сағат 11.50-де "Атбасар Су Арнасы" МКК жұмысшысынан хабарлама түскен.

"Жұмысшы Атбасар қаласының кәріз құдығында монтаж жұмыстарын жүргізу кезінде қыз баланың мәйітін тауып алған. ҚР ҚК 99-бабы "Кісі өлтіру" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, сот-медициналық сараптама белгіленді",- деп хабарлады ІІД.

Полиция атап өткендей, аталған қылмысты ашуға бағытталған іс-шаралар кешені жүргізіліп жатыр.   


108
Загрузка...